Тапсырманы қайта ашу
Орындалған тапсырманы кез келген орындаушы немесе автор қайта аша алады.
Тапсырманы орындаушы қайта ашса, ол сол орындаушы мен автор үшін қайта ашылады. Автор қайта ашса, тапсырма барлығы үшін қайта ашылады.
Тапсырманы қайта ашу үшін басты экрандағы «Орындалғандар» қалтасына немесе жобаның ішіндегі орындалған тапсырмалар тізіміне өтіп, тапсырманың жанындағы құсбелгіні алып тастаңыз.

Тапсырма бұрын енгізілген барлық мәліметтерімен сол жобада қайта ашылады.
Тапсырманың орындалу тарихы (қайта ашуды қоса) тапсырма картасындағы «Тарих және пікірлер» блогында көрсетіледі.